Ильяның өзбекстандық басты қарсыласы допинг дауына ілікті

655
0
Бөлісу:

Бірнеше жылдан бері Илья Ильиннің басты қарсыласы болып келген өзбекстандық ауыр атлет Руслан Нурудинов допинг дауына тап болды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы өзбек атлетін жарыстардан уақытша шеттеткен. Нурудинов Лондондағы 2012 жылғы олимпиада кезінде допинг қолданды деген күдік бар. Атлеттің допинг сынамасынан дегидрохлорметилтестостерон препараты табылған.

Лондонда Руслан 105 келіге дейін өнер көрсетіп, төртінші орын алған. Бірақ осы олимпиададан кейін Нурудиновтың ауыр атлетика әлеміндегі жолы ашылып, бірқатар жарыстарда өзінің мықтылығын дәлелдеген болатын. Мәселен, 2013 жылы әлем чемпионатында Ильяның салмағында алтын алса, 2016 жылы Рио олимпиадасында да топ жарды.

Екі мықты 2014 жылы Алматыдағы әлем чемпионатында сайысқа түсіп, Нурудинов Ильядан жеңіліп қалған еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*