«Қазақстан барысы» атанған балуан допинг дауына ілікті

888
0
Бөлісу:

2017 жылы қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарған Еламан Ерғалиевтің қанынан рұқсат етілмеген препарат табылған. Осылайша, қызылордалық жас балуан допинг дауына тап болды.

Бұл ақпаратты еліміздің Ұлттық допингке қарсы комитеті де растаған. Қазіргі таңда спортшыдан рұқсат етілмеген препараттың анықталуына байланысты тиісті зерттеу жүріп жатқан көрінеді. Әзірге спортшының допингке қалай тап болғаны және оның спорттан шеттетілу мерзімі туралы ақпарат жарияланбады.

Ерғалиевтің допинг сынамасы қараша айында Қазақстан чемпионатына қатысқан кезде оң нәтиже берген. 23 жастағы балуан сол кезде ел чемпионатында екінші орын алған еді. 2017 жылы балуан «Қазақстан барысы» турнирінде қарсылас шыдатпай бас жүлде алып, 25 миллион теңгені қанжығаға байлаған.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*