Марафонға қатысып министрмен Жаңа жылды бірге қарсы ал

536
0
Бөлісу:

31 желтоқсан күні Астана қаласының 20 жылдығына арналған жаңа жылдық марафон өтеді.

Аталған бастаманы ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұйытқы болды.

Жүгірудің алдында арнайы флеш-моб ұйымдастырылады. Марафон Аяз атаның сигналымен басталады.  Старт сағат  23.30 «Бәйтерек» жанынан басталып, «Нұржол» бульвары арқылы «Хан-Шатыр» ССО дейін жалғасады (мұз қалашығы).

Жаңа-жылдық шараға белгілі спортшылар мен елімізге танымал мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Марафон қатысушылары мен қала қонақтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын Мұз қалашығы  аумағына орналастырылған ЛЭД-экран арқылы тамашалай алады.

А.Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*