БОЛАШАҚ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНАН БАСТАЛАДЫ

523
0
Бөлісу:

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тапсырысы бойынша «Space solutions» компаниясының  ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары студенттер арасында «Отбасы – жанұя жарасымы» атты семинар-тренингтер өтті.

Аталмыш шараға «ABRIS» тренинг орталығының директоры Мергенбай Ақан, «Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара, «Студенттерге психологиялық көмек көрсету» орталығының бас маманы Барова Айзат және ЖОО студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты білікті мамандардың өз тәжірбиелерімен бөлісе отырып жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттау, жар таңдау мәселесінде ақыл-кеңес беру, ажырасу секілді қоғам кеселінің болдырмау жолдарын көрсету болды.

– Бүгінгі өткен семинар-тренингте отбасы мүшелерінің рөлі жайлы пайдалы кеңестер ала отырып, болашақта қыз балаға тұрмысқа шығар алдында «Әйел. Келін. Ана» деп аталатын маңызды схемаға дайын болу керектігін түсіндім. Мұндай семинар-тренингтер жиі өтетін болса біз секілді әрбір жас жауапкершілігі мол тұрмыстық өмірге қадам басар алдында көптеген қажетті ақпараттардан хабардар болар еді», – деді семинар-тренинг қатысушысы Айгерім Ақжол.

«Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы, үлкен, орта және кіші баланың психологиясы, олардың жеке атқаратын рөлінің маңыздылығын түсіндірсе, «ABRIS» тренинг орталығының директоры Мергенбай Ақан жас отбасыларға не себепті ажырасу қаупі төнетіндігі және сол кемшіліктердің қалай алдын алуға болатындығы жөнінде айтып өтті.

А.Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*