Ауылдық «Қазпоштада» лотерея мен казиноның жарнамасы тұр (видео)
Ауылдық «Қазпоштада» лотерея мен казиноның жарнамасы тұр (видео)
326
оқылды
Telegram арналардың бірінде Алматы облысындағы Гүлдала ауылдық «Қазпошта» мекемесіндегі ахуалды баяндайтын бейнежазба тарады. Онда қоғамдық әрі квазимемлекеттік мекемеде казиноның, лотереяның жарнамасы көрнекі орында тұрғаны баяндалады.
«Ауылдағы «Қазпоштаның» басшысы неге мұндайға жол береді. Бұл келушілерді азғыру ғой. Мемлекеттік мекемеге осылай жасауға бола ма?» деп айыптайды мекеме басшылығын.
Желі оқырмандарының бірі осы жылдың басында «Қазпошта» АҚ жекешелендірілуі тиіс болғанын айтады. Ол да мекеме филиалдарының лото және басқа "сәттілік рулеткаларын" сататынын жоққа шығармайды.
«Мемлекеттік бюджеттен зейнетақы берілетін, пошташылар жұмыс істейтін, елдегі 3 500 бөлімшенің жұмысын қолдауға субсидия алады. Ал олар осылай ақша тапқысы келеді. Энергетика министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қаулыларымен денсаулыққа және психикалық зиян келтірмейтін жолдармен пайда тапса да болады»,  – дейді ол.