Елордалық такси жүргізушісі жалға алынған көліктердің катализаторын ұрлаған
Елордалық такси жүргізушісі жалға алынған көліктердің катализаторын ұрлаған
247
оқылды
Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде катализатор ұрлады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды  ұстаған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Такси жүргізушісі «Смарт такси» ЖШС-на тиесілі  Chevrolet Cobalt автокөліктерінің катализаторын ұрлап кеткен. Екі күннің ішінде әрқайсысының құны 830 мың теңге болатын үш автомобиль катализаторын қолды етті. Ұрланған катализаторларды металл қабылдау орнына төмен бағамен өткізген. Жүргізушінің автокөліктерді ТҚС-ға апарғаны және онда автомеханиктер ақысына катализаторларды кесіп бергені анықталды», – делінген департамент хабарламасында.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның қала аумағында бұрын болған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.