Демалыс күндері 39 градусқа дейін ыстық болады
Демалыс күндері 39 градусқа дейін ыстық болады
© qazaqstan.tv
"Қазгидромет" РМК 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.  Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қысқамерзімді жаңбыр жауады, 20 маусым күні болса оңтүстіктің таулы аймақтарында тіптен қатты жаңбыр күтіледі. Барлық мерзімде күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп болжануда.
"Қазақстанның батысында түнде 12-23 жылы, күндіз 23-36 жылы, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 10-23 жылы, күндіз 23-33 жылы, солтүстігінде түнде 10-21 жылы, күндіз 25-32 жылы, оңтүстігінде 15-20 жылы, күндіз 25-30 жылы, шығысында ауа температурасы түнде 5-17 градус жылы, күндіз 23-28 градус жылы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының негізгі аясы түнде 15-25 жылы, күндіз 34-39-дан төмендеу болжануда, таулы аудандарында 29-дан 28-35-ке дейін жылы, оңтүстік-шығысында ауа түнде 17-25 дейін қызады, таулы аудандарында 14, күндіз 28-37 дейін жылы, сондай-ақ республиканың орталығында түнде 8-12-ден аздап жоғарылау күтіледі, - делінген хабарламада.