Әйел қызын ұрып өлтірді: оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты
Әйел қызын ұрып өлтірді: оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты
Коллаж Orda.kz
Ақтау тұрғыны кішкентай қызын өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды. Іс материалдарына сәйкес, әйел нәрестені асқазанынан ұрып, ол қайтыс болған. Бірақ сотталушының анасы мен марқұмның әжесі қайғылы оқиғаға күйеу баласын кінәлайды. Олар қыздан зорлық-зомбылық іздерін көргендерін алға тартты,  – деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 
Оксана қос трагедиядан әлі айыға алмай келеді. 8 қаңтар күні оның немересі қайтыс болды, ал қызы баласын өлтіргені үшін темір торға қамалған. Марқұм немересі небәрі екі жарым жаста еді. Әйел оның қызы қорлық көрсеткен күйеуінің ойынқұмармен байланысқанын жеткізді. Оксананың айтуынша, ол немересінің денесінен зорлық-зомбылық іздерін бірнеше рет көрген.
 
«Немеремді шомылдырғаннан кейін үстіне крем жақтым. Сол кезде денесінің көгерген жерлерін көрдім. – Қызыңыздың жігіті оны ұрды деп күдіктенесіз бе? – Иә. Бұрын балаға памперс ауыстырғанда ұялып,  аяғын қысып күлетін, сосын бір уақытта бұтын айқара ашып, әйтеуір маған бірдеңе көрсететін. Мен шошып кеттім. Қызыма бала неге олай істеп жатыр деп сұрайтынмын, –  дейді сотталушының анасы Оксана Короткова.

Қаралы күн

Баланың өліміне себеп болған соңғы жарақат 8 қаңтар күні болған. Әйелдің айтуынша, сол түні күйеу баласы қызын ойынға ақша тауып бер деп үйден қуып жіберген.
«Ол қайтып келгенде, күйеу балам асүйде киініп отырған. « Балаңа бірдеңе болды» деген. Қызым бірден жатын бөлмеге кіргенде, бала қандай да бір себептермен басқа киіммен, иегі жарылған, көзі жартылай ашық жатқан. Ол оны дәлізге шығарып, құлағына: «Полиция келгенде, мен мұнда болмадым, жаңа келдім деген. Қызым оны қорғап қалмақшы болған», –  деді әйел.
Содан кейін жедел жәрдем мен полиция келген. Сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша, бала ішектің жарылуынан және құрсақ қуысына қан кетуден қайтыс болған.
«Азамат М.  Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінің – адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды», –  деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Улеулиева.
Сотталушының анасы күйеу баласының қайғылы оқиғаға себепкер туыстық байланыстардың арқасында қылмыстық жауапкершіліктен құтылғанына сенімді. Болжам бойынша, оның ағасы полиция қызметкері. Бірақ Оксана Короткова әділетті жоғары сатыдағы соттардан іздемекші. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.