Доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 446, 87 теңге. Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 17 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446, 70 теңге, сатып алу – 451,10 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,61 теңге болса, сатып алу құны – 449,80 теңге.