Полицейлерді «бандаға» теңеген полицей жұмыстан босатылды

767
0
Бөлісу:

Жаңа жылды тойлау эйфориясында жүріп, видеоға түскен жоғары шенді қарағандылық полицей мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Айта кетейік, жаңа жылдың алдында әлеуметтік желі арқылы Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары А.Р.Тастайбеков полицейлердің беделіне нұқсан келтіретін сөз сөйлеп, өз әріптестерін Жаңа жылмен құттықтады.  «Мы братва, банда» хэштегімен таралған видео миллиондаған қаралымға ие болды.

Таралған видео Қарағандыдағы ҚР ІІМ академиясында түсірілгені белгілі болды.

– Осыған қатысты, қызметтік тексеріс жүгізіліп жатыр, соның нәтижесінде осы қызметкер және оның басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылады, оның ішінде жұмыстан босатылу туралы шешімі де бар, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

А.Ахмет.

Бөлісу:

Пікір жазу


*