Болгария. Софияда «Астана» көшесі ашылды

623
0
Бөлісу:

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Софияда «Астана» көшесінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі – депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, қалалық мәслихат кеңесшісі Симеон Славчев, Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасының жаттықтырушысы Станимир Стоилов, бокстан әлем чемпионы Кубрат Пулев, дипломатиялық корпус, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшылық топтары, БАҚ өкілдері және қазақ диаспорасы қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Астана қаласының даму тарихы туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде, София қаласы мэрінің орынбасары Д.Барбалов «Астана» көшесі Софияның ең әдемі орындарының бірінде орналасқандығын атап өтті.

Салтанатты іс-шара аясында белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» атты әні шырқалып, әннің CD дисктері мен Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы әзірлеген қазақ-болгар тілашары таратылды.

Айта кетейік, «Астана» көшесі София орталығында «България» даңғылының қасында орналасқан.

А. Алтайұлы

Бөлісу:

Пікір жазу


*