Таразда тариф төмендеді

227
0
Бөлісу:

Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап өңірде бірқатар қызмет түрінің бағасы төмендеді. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімдігі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров  айтып берді. 

Аймақта тарифтерді төменде­ту жөнінде берілген тапсырмалар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілген. Оның ішінде, тауар­лық газ тарифі бойынша
2019 жылдың 1 қаңтарынан тауар­лы газдың шекті бағасы облыста 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілді. Соны­мен қатар тауарлы газды тасы­мал­дау қызметі де 25%-ға төмен­де­тілді, яғни 1,0 текше метр үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге түсті. Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылым­дағы бағасы 1,0 текше метр үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңге­ден 25,5 теңгеге төмен­детілді. Сондай-ақ
1 қаңтардан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ өндіретін электр энергиясының тарифі 14%-ға немесе 9,5 теңге­ден 8,1 теңгеге дейін және «Тараз­ЭнергоОрта­лық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,7 теңгеге төменде­тіл­ді. Ал электр энергия­сын тасы­мал­­дай­тын «Жамбыл­Электр­Жүйе­сі» меке­ме­­сінің тарифін 1 қаң­тардан бас­тап 1,07%-ға төмен­де­ту бойын­­ша ұсы­ныстар қаралып жат­қан көрі­неді. Нәтижесінде қолда­ныс­тағы тариф 5,62 теңге­ден бол­жам­мен 5,56 теңгеге төмен­дей­ді. Сон­дай-ақ электр энер­гия­сын жабдық­тайтын «Жам­был­Жарық­Сауда» меке­месі­нің тарифін 3,9%-ға дейін төмендету қаралып жатыр. Нәти­же­сін­де тұрғын­дар­ға арнал­ған қолда­ныс­­та­ғы тариф 15 теңге­ден бол­жам­­мен 14 теңгеге төмен­­дей­ді. Сәйкесінше, «Тараз­Энерго­­Орта­­лық» АҚ-ның жылу қуаты­ның тарифі тұрғындар үшін 11,4%-ға төмен­детілді, оның ішін­де есеп­теу құралдары бар тұтыну­­шы­лар­ға 1 Гкал үшін 1694 теңгеден 1502 теңгеге, есептеу аспаптары жоқ азаматтарға 3688 теңгеден 3267 теңгеге төменде­тіл­ді. Мұндай жұмыс­тар Шу қала­сын­да да атқарылды. Яғни «Шу Жылу» мекемесінің жылу­мен жабдықтау тарифі 8,4%-ға төмен­де­тілді, есептеу құралдары бар тұр­ғын­дарға 1 Гкал үшін 2254 теңгеден 2063 теңгеге, есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 3130 теңгеден 2866 теңгеге азайды. Қаратау қаласы «Игі­лік» мекеме­сі­нің жылу­­мен жаб­дықтау тарифі 7,6 %-ға төмен­­детіледі, оның ішінде есеп­теу құралдары бар тұрғындар үшін 1997 теңгеден 1845 теңгеге, есептеу құралдары жоқ тұрғын­дар­ға 2392 теңгеден 2210 теңгеге түсті.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*