ЖЫЛ САНАУ МЕН ҚАЙЫРУ

345
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді» деп өзекті мәселе көтерді.

Міне, еліміз календарлық жаңа жылдың алғашқы айының бірінші аптасын өткеріп жатыр. Халқы­мыз­дың өткен өмірі – тұнған та­рих. Бір ғана жыл санау мен жыл қайы­ру есебін жүргізуде адамзат ба­ласына үлгі боларлық дәлдікке қол жеткізуінің өзі – бір ілім.
Қазіргі қолданыстағы Григо­риан календары – Рим календары не­гізінде жасалған. Ал Рим кален­да­рының түп-төркіні – ежелгі Еги­пет календарынан бастау ала­ды. Диоклетиан заманында «Ни­кея жиыны» деген шығыс христиан шір­кеулері басшыларының жиы­ны болған. Осы жиында пасха мен рождество және ораза уақыттары тағайындалған. Юлиан календары қа­былданып, «күн мен түн мәңгі ба­қи 21 наурызда теңеліп отыра­ды» деп жарияланған. Григориан ка­лендарына аты таңбаланып, тарихқа кірген Григорий әйгілі «Варфолемей түнін» ұйымдас­ты­рып, гугеноттарды бір түнде қы­рып салғызған адам… Бұл – ұзақ әңгіме.
Тарихымызда «Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фараби мен Ұлық­бек мұраларының орны зор. Ғылыми айналымға түспей жатқан үлкен мұра бар. Елдің көбі атақты Омар Хайямды тек жырлары ар­қылы біледі. Сол Омар Хайям жа­саған календарь бойынша жыл­дың басы 22 наурызға келеді, бұл үшін «кібісе жыл» дегенді енгізген кісі. Күн қозғалысына негізделген және әлемдегі календарь атаулы­ның ішінде асқан дәлдігімен ерек­шеленген Омар Хайям календары небәрі 12 жыл ғана қолданылған. Бұл да ұзақ әңгіме.
Төтесінен қозғасақ. Доңыз жы­лы туралы. Алтайлықтар – «ғақай», те­леуітше – «чочко», түркі тілдері­нің көпшілігінде «тоңғуз» деп ата­лады. Орхон, Күлтегін ескерт­кіш­терінде «лағзын» деп аталған. Ал «Құтадғу білігте» «Доңыз» жылы деп аталған. Доңыз, тоңғуз, доңғуз деген – көне түркі сөзі. Түркі жұр­тына ислам келмей тұрғанда солай аталған. Доңыз жылын Өзбекстан мен еліміздің кейбір аймақтары «Қара киік жылы» деп те атайды. Қазақтың жыл қайыруы бойынша 12 мүшел бар. Мүшелді есептеу – «Тышқан» жылынан басталып, «Доңыз» жылымен аяқталады.
«Құтадғу біліг» – басты жазба ес­керткіштеріміздің бірі. Сол за­ман­нан бері өзгермей келе жатқан жыл санаудағы «Доңызды» – «қа­бан­ға», басқа да балама атауға айыр­бастамайықшы. Бір бұзылып кетсе, қайтып түзету қиын болады. Ата салтымыз, қазақы қалпымыз­ды сақтағымыз келсе, бабалар ама­наттап кеткен мұраға адал бо­лайық!

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*