Зырян қаласы Алтай деп аталады

234
0
Бөлісу:

Ақорданың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді.

Президент қол қойған Қаулыда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*