Бақыт Сұлтанов: «Газ станцияларын тексеріп, есеп бересіздер»

383
0
Бөлісу:

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, мұндай тапсырма газды пайдалануға қатысты екі оқиғаның орын алуына орай беріліп отыр.

Аппараттық кеңесте Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Төтенше жағдайлар  департаментіне қаладағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды.

Биыл 2 қаңтарда кешке Ақжол көшесі, 26-үй мекенжайы бойынша орналасқан жеке газ толтыру станциясы аумағында сыйымдылығы 5 текше метрді құрайтын цистерна өртенген болатын. Осының салдарынан станция маңындағы қойманың шатыры бүлініп, жатақхана терезелері сынған. Сонымен қатар, 26 желтоқсанда қаладағы тұрғын үйлердің бірінде газгольдер жанған болатын.

«Әріптестер, 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласында 10 қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылғанын білесіздер. Адамдар қайтыс болды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД-не, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментіне аталған жағдайларға байланысты тексеріс жүргізіп, қаладағы барлық газ құю станцияларын тексеруді тапсырамын. Оның нәтижесі бойынша маған есеп беретін боласыздар», – деді Бақыт Сұлтанов.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*