Алматы әуежайында жаңа терминал құрылысы басталады

570
0
Бөлісу:

Биыл Алматы халықаралық әуежайы кеңейіп, нәтижесінде жолаушылар ағыны екі есе артады деп күтілуде. Қолданыстағы терминалға жаңа ғимарат қосу жобасы қолға алынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов өзінің Фейсбук парақшасында бөлісті.

Алматы ай санап емес, күн санап өсіп келе жатқан шаһар. Қалада ресми түрде 1,8 миллион халық тұрады. Ал агломерациясындағы елдің санымен қоса есептесек шамамен 3 миллионның маңайында. Осыншама халыққа Алатаудың баурайында екі-ақ әуежай қызмет көрсетеді. Оның біреуін – Боралдай әуежайын тіпті сызып тастасақ та болады. Сонда жалғыз Алматы халықаралық әуежайы бар ауыртпалықты өз мойнына алып тұр.

Ерлан Аукенов өз постында: «Әуежайдың жаңа концепциясы жасалынды. Онда бүгінгі әуежай терминалына қосымша блок құрылысы қарастырылған. Нәтижесінде әуежай аумағы 2,5 есеге артып, жолаушылар ағыны жылына 13 млн адамды құрайды деп күтілуде. Қолда бар 4 телескоптық тарпқа тағы екеуі қосылады. Сонымен қатар борттағы тамақтануды қамтамасыз ететін жаңа цехтың жобасы аяқталды. Жаңа цех тәулігіне 15 мың жолаушыға ас дайындай алатын болады. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың көктемінде басталады» деді.

Айта кетейік, соңғы екі жылда әуежайдағы жолаушылар ағынында өсім байқалып, жылына 5,8 адамға қызмет көрсету іске асты. Демек терминал құрылысының дер уақытта басталатыны Алматының экономикалық өсіміне оң ықпал етері сөзсіз.

Асқар Бек

Бөлісу:

Пікір жазу


*