Мемлекеттік қызмет оңтайландырылды

240
0
Бөлісу:

Қазақстанда байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқартылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру мерзімдері азайтылды.

Сондай-ақ нөмірлеу ресур­сын тарату және нөмірлерді бөлу мен оларды кері алып қою уақыты да кемітілген.
Бұдан бөлек, біріншіден, «Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларының импортына лицензия беру» және екіншіден, «Импорттан өзгеше жағдай­ларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіре­тін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрыл­ғыларды Қазақстан аумағына әкелуге қорытынды беру» сияқты екі мемлекеттік қызмет оңтайландырылды және бір-біріне біріктірілді.
Бұлар орнына жаңа мем­лекеттік қызмет келді және ол «Импорттан өзгеше жағдай­ларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кі­ретін радиоэлектрондық құ­рал­дар мен жоғары жиілікті құ­рыл­ғыларды Қазақстан аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру» деп аталады.
Оның үстіне осы лицен­зия­ны алу мерзімі бұрынғы 16 жұ­мыс күнінен 8-ге дейін қыс­қарды.
Атап өткен жөн, бұдан бы­лай қазақстандықтар байланыс саласындағы қызметтерді көр­сетуге лицензияны бұған дейін­гідей 15 жұмыс күнде емес, енді небәрі бес күн ішінде ала алатын болады. Ал «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сон­дай-ақ оларды алып қою» қыз­метін 20 жұмыс күнінің орнына, 5 күн ішінде алуға болады.
Бұдан басқа, «Қазақстанның радиожиілік спектрін пайда­лануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» қызметі толықтай автоматтандырылып отыр. Нәтижесінде, дайын рұқ­сат құжаты 20 күн ішінде қолға тапсырылады.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*