Әскерге тіркеу басталды

466
0
Бөлісу:

Қазақстанда азаматтар­ды әскерге тіркеу науқаны бастау алды. Бұл шара ұлттық армиямыздың сапына тұруға жарамды болашақ жауынгерлердің санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін нақтылау мақсатында ұйымдастырылып жатыр.

Сондай-ақ оның аясында ке­лешекте әскерге шақырылатын жастардың білім деңгейі, ма­мандығы және дене шынықтыру деңгейі бағаланады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізетін «әскери есепке алу іс-шаралары».
Қазақстанның «Әскери қыз­мет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес, тіркеуге биыл 17 жасқа толатын қазақстандықтар қатысады.
Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әс­кери қызметке жарамдылығы дәрежесін белгілеу үшін меди­ци­налық комиссиядан өтеді. Ме­дициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия «әскери қызметке жарамсыз» деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.
Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтарға медициналық тек­серу жүргізетін медициналық комиссиялар құрылды. Азамат­тарды әскерге шақыру пунктіне тіркеу кезінде жергілікті қорғаныс басқармалары мен бөлімдері емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж адамдарды, мысалға, шектен тыс арық боз­балаларды анықтайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға жолдайды.
Бұдан бөлек, олар жақсы шы­ныққан, спортпен айналысатын, демек, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйым­да­рында оқуға денсаулығы жарамды және әскери оқу орындарына түскісі келетін жастарды айқын­дайды.
Алғаш рет әскери тіркеуге тұр­ған азаматтар арасында жер­гілікті әскери басқару органдары Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсудің және қазақ армиясында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқа­рудың перспективалары туралы насихат жұмыстарын жүргізеді.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*