Жаһандық бітімгер, Қазақстаннан күтіңдер

225
0
Бөлісу:

Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер үшін бітімгерлер дайындау құқығын иеленді. Осы орайда қазақстандық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымынан тиісті сертификаттарын алды.

Нью-Йоркте орналасқан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде осы жаһан­дық ұйым бас хат­шы­сының бей­­бітшілікті қолдау опе­рация­ла­ры бойынша орынбасары Жан-Пьер Лакруа қазақстандық инс­трук­­тор-нұсқаушылар әзір­леген және КАЗЦЕНТ базасында өткі­зі­летін бітімгерлік курс­тарының БҰҰ стандарттарына сәйкестігін тану туралы құжат­тарға қол қой­ды.
Бұл ретте енді отандық «Бей­бітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы (КАЗЦЕНТ) ха­лық­аралық бітімгершілік опера­цияларға қатысу үшін бүкіл әлем бойынша бітімгерлерді «Бейбіт халықты қорғау» және «БҰҰ штаб офицерлері» курстарында да­йын­даумен айналысатын болады.
Бұл курстарға сертификат бе­рілмес бұрын, Қазақстандағы бі­тімгерлерді даярлаудың әдіс­темесі БҰҰ тарапынан ұзақ әрі мұқият зерттелген. Сондай-ақ 2018 жылғы желтоқсанда БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау опе­­рациялары департаментінің өкілі, полковник Саид Тафид Алматыға арнайы сапар жасап, КАЗЦЕНТ-тің материалдық-техникалық базасын, нұсқау­шы­лар ­ды даярлау деңгейін тексерді. Оқу бағдар­ламаларының маз­мұ­нын және олардың БҰҰ стандарт­та­рына сәйкестігін бағалады.
«Бейбітшілік жолындағы се­ріктестік» оқу орталығы – бітім­герлерді дайындайтын орталық­тардың халықаралық қауымдас­тығының біздің аймақтағы жал­ғыз толыққанды мүшесі.
КАЗЦЕНТ курстары бітім­гер­лерді БҰҰ миссияларындағы көпұлтты штабтарда жұмыс істеу­ге әзірлеу мақсатында жүргізіледі. Оның барысында жауынгерлер мен мамандар бітімгерлік қызмет­тің негіздерімен, принциптерімен және міндеттерімен танысады. Бітімгерлерді дайындау кезінде бейбіт халықты қорғау, БҰҰ операцияларының тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру мәсе­лелеріне үлкен мән беріледі.
КАЗЦЕНТ-тің көптеген тү­лектері кейіндері бітімгершілік миссияларда басшылық лауа­зымдарға тағайындалған. Мәсе­лен, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Батыс Сахараға қатысты рефе­рен­дум өткізу» жөніндегі миссия­сында бітімгерлер базаларының командирлері болды, аталған миссия штабының оқу бөлім­дерінің басшылары қызметін атқарды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі белсенді және табысты екіжыл­дық жұмысы аясында Қазақстан 2018 жылғы қазанда алғаш рет БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштері құрамына 120 әскери қызмет­кер­ден тұратын ірі бітім­гершілік ро­тасын жіберді. Олар­дың көпшілігі КАЗЦЕНТ-те даяр­­­­лықтан өткен. Жақында, был­­­тырғы жылдың желтоқсан айын­да қазақстандық бітімгерлер қата­ры­на әйел-сардар – майор Шол­пан Тауышова барып қо­сылды.

 Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*