Кедейлік шегі анықталды

627
0
Бөлісу:

Қазақстанда 2018 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша «ең төмен күнкөріс шегінің» көлемі 26 440 тең­­­гені құрады. Бұл көрсеткіш негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сәйкес есептелген.

Ең төмен күнкөріс шегінің халықтың жан басына шақ­қандағы орташа шамасы 2018 жылғы желтоқсанда, 2017 жыл­ғы желтоқсанмен салыс­тыр­ғанда 3,3%-ға өсті.Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға арналған шығыстардың үлесі – 20,5%-ды, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі 16,3%-ды құрады. Ал жемістер мен көкө­ністерге – 8,3%, нан және жар­ма өнімдеріне – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,3%-дық үлес тиесілі.
Ең төмен күнкөріс шегі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тірші­лігін қамтамасыз ету үшін қа­жетті тамақ өнімдерінің, та­уар­лар мен көрсетілетін қызмет­тердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол өз ішінде «азық-түлік себетіне» және «азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарға» ажыратылады.
Азық-түліктік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөл­шерінде белгіленген.
Еске сала кетсек, 2017 жыл­дың желтоқсанында ең төмен күнкөріс шегінің көлемі 25 мың 604 теңге болған. Содан бері өткен жыл бойы оның шамасы қаңтардағы 25 879 теңгеден қазан айында 28 620 теңгеге дейінгі аралықта құбылды. Ең жоғарғы өсім 2018 жылғы та­мыз­дың еншісінде: сонда кө­лемі 29 145 теңгеге дейін жетті.
Статистика комитеті ха­лықтың жан басына шаққан­дағы орташа көлемі сыртында, ең төмен күнкөріс шегінің қазақстандықтардың әртүрлі жас топтарындағы мөлшерлерін де есептеп шықты. Ол бойынша бұл көрсеткіш 0-13 жастағы балалар арасында – 21 330 теңгеге, 14-17 жастағы жасөс­пірімдер арасында жас жігіттер үшін – 33 444 теңгеге, ал қыз-дар үшін 25 628 теңгеге тең кө­рі­неді.
Статистика мамандарының байламынша, 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті ересек халық арасында ең төмен күнкөріс шегі жасөспірімдерге қарағанда аз екен: ерлерде – 31 403 теңгені, ал әйелдерде 24 934 теңгені құрайды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*