Төрт ел тоқайласады

544
0
Бөлісу:

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан кезекті орталықазиялық саммитке әзірленуде. Осы орайда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы тілдесті. Бұл әңгімелесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Телефон арқылы жүрген ке­ліс­сөздер барысында қос елдің Сыртқы саясат ведомство­ла­ры­ның басшылары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сон­дай-ақ Орталық Азия мемле­кеттері басшыларының екінші жұмыс (консультативтік) кез­десуіне дайындық жұмыстарын талқылады.
Өзбек тарапы бауырлас ха­лық­тарымыз арасындағы рухани жақындық пен достықты одан ары нығайтуға үлкен үлес қосқан «Қазақстандағы Өзбекстан жы­лын» өткізуге жәрдем көрсеткені үшін қазақстандық тарапқа алғыс білдірді. Бұл ретте Өзбекстан СІМ-інің жетекшісі 2019 жылы «Өзбекстандағы Қазақстан жы­лы» аясындағы іс-шараларды өткізуде қажетті көмек көрсетуге дайын екеніне сендірді.
Өз сөзінде Абдулазиз Ками­лов қазақстандық әріптесі Бейбіт Атам­­­құловты жаңа лауазымға та­ға­йын­да­луымен құттықтап, кез кел­­ген қолайлы уақытта Таш­кент­ке ресми сапармен келуге шақыр­ды.
Бұдан бөлек, осы күні министр Б.Атамқұлов Тәжікстанның Сырт­қы істер министрі Сирод­жиддин Мухриддинмен де те­ле­фон арқылы сөйлесті. Тараптар қазақ-тәжік қарым-қатынас­та­рының ағымдағы жағдайы мен алдағы перспективаларын, сон­дай-ақ Тәжікстанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бесінші саммитін өткізу мәселелерін талқылады.
Тәжікстан СІМ-нің басшысы С.Мухриддин әріптесі Б.Атам­құловты таяуда Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен құттықтап, жоғары лауазымында табысқа жетуін тіледі.
Айта кету керек, өткен аптада, 2018 жылғы 28 желтоқсанда Бей­біт Атамқұлов Қырғыз Рес­пуб­ликасының Сыртқы істер ми­нис­трі Чингиз Айдарбековпен де телефон арқылы келіссөздер өткізген болатын.
Бауырлас қос елдің Сыртқы саясат ведомстволарының бас­шылары екіжақты байланыс­тар­дың жай-күйін, сонымен бір­­ге, саяси, сауда-экономикалық сала­лардағы жан-жақты ынты­мақ­тас­тықты одан ары кеңейтудің ке­ле­шегін талқыға салған. Мұның сыр­тында олар өңірлік және ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме барысында қырғыз әріп­тесі де Б.Атамқұловты жаңа ла­уазымға тағайындалуымен ­жы­лы құттықтап, оны Бішкек қала­сы­на сапармен келіп кетуге шақырды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*