Зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылады

360
0
Бөлісу:

Биылдан бастап жеке зейнетақы есепшотын ашу жеңілдейді. Азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне бармай-ақ есепшот аша алады. 

Бұрын Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есеп­шо­тын ашу үшін БЖЗҚ бөлім­ше­лерінің қызметіне жүгінетін. Арнайы барып, өтініш жазатын. Бұдан былай жаңа жарна төлеу­ші­лер үшін БЖЗҚ түскен алғаш­қы жарна негізінде авто­матты түрде есепшот ашылатын болды. Зейнетақы ережелеріне енгізіл­ген өзгерістер биыл бірінші тоқсан­нан бастап жұмыс істейді. Қор жарна төлеуші жайлы бар­лық қажетті мағлұматты, жеке куә­лігі, тұрақты мекенжайы тура­лы мәліметтерін мемлекеттік органдардың деректер жүйесінен автоматты түрде алады.
2018 жылы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының халық­ты жұмыспен қамту мәсе­ле­лері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заңына енгізілген толықтырулар мен түзе­тулер зейнетақы төлем жүйе­сін оңтайландыруға бағытталған.

Бөлісу:

Пікір жазу


*