Ипотеканы онлайн алуға болады

514
0
Бөлісу:

Биылдан бастап ипотекаға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. «Баспана» ипотекалық ұйымы» басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатовтың айтуынша, жаңа жоба «7–20–25» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. 

Жоба арқылы қарыз алушы банкке бармай-ақ, онлайн құжат толтырып, ипотека алуға бола­ты­ны туралы ақпарат біле алады. Дархан Байқуатов «Ипо­те­калық қарыз алуға өті­ніш беру кезінде талап етілетін барлық құ­жаттар, анық­та­малар мен есеп­тер бойын­­­ша электронды мұрағат қа­лып­­тасады. Бұл қағаз құжатта­ма­сын жинау мен сақтау қажет­ін жояды», – деп жаңа тәжі­­рибе­нің тиімділігін атап өтті.
Жоба сәтті жүзеге асса, бұдан былай несиені мақұлдау мен беру процесі жеңілдейді. Уақыт үнем­деледі. Халық банктердің бөлім­ше­леріне барып, уақыт жоғалт­пай­ды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*