Балаларға қуаныш сыйла

612
0
Бөлісу:

Қуанса – бала қуансын, өйткені олар шын қуанады. Жасандылық жоқ. Алматылық нұротандықтардың ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай, тұрмыстық жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында партияның Алатау аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Мұханқали Алмасаев және аудан­дық партия Саяси кеңесінің мүшесі Ибрахим Масанов аз қам­тылған отбасылардың үйлеріне барып, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен азық-түлік себет­терін тапсырды.
Іс-шара барысында 5 баланың анасы Айнұр Әбдікерова мен Күміс алқа иегері, 7 баланың ана­сы Жадыра Көпжасарова «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолдау көрсетілгеніне ризашылығын біл­діріп, алғыс айтты. Әсіресе, бала­лардың қуанышында шек жоқ. Жүздері бал-бұл жанып, бір-бірі­мен қуанышын бөлісіп жатты.
Бір айта кетерлігі, соңғы кез­дері нұротандықтар балаларға көп көңіл бөліп келеді. Осыдан біраз бұрын, Тәуелсіздік күні қарсаңын­да «Нұр Отан» – балалардың ба­қыты үшін» акциясын ұйымдас­тырған болатын. Акция аясында Алматы қаласының психо­невро­логиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар ара­сын­да спорттық ойындардан ж­а­рыс өткізілді.
Аталған іс-шара «Нұр Отан» пар­тиясы Алатау аудандық филиа­лының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Балалар кедергіден секіру, қақпашы ойыны, шең­бер­ден өту, доппен жүгіру сынды спорт түрлерінен жарысқа түсті. Қа­тысушылар өз ерік-жігерлерін көр­сетіп, сайысты одан әрі қыз­ды­ра түсті.
Сондай-ақ «Нұр Отан» пар­тиясы Алатау аудандық филиа­лының ұйымдастыруымен аудан­дағы мүмкіндігі шектеулі, көпба­лалы отбасынан шыққан және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арнап жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Мерекені 100-ден астам бала тамашалай алды. Осындай игі шаралардың ұйытқысы болған нұротандықтарға ата-аналар мен балалардың алғысы шексіз.

Гүлнар ТӘЖИЕВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*