Бастауыш партия ұйымдарына өзгеріс керек

718
0
Бөлісу:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары төрағалары арасында «БПҰ жаңғырту» жобасының негізгі ережелерін түсіндірген кездесу өткізді.

Жиынды партияның аудан­дық филиал төрағасының бірінші орын­басары, республикалық форум делегаты Марат Нұрланов жүр­гізді. Марат Қуанышұлы тө­ра­­ға­ларға екі күнге жалғасқан форум жұмысы туралы баяндады. Фо­румда бастауыш партия ұйым­дары қызметін белсенді ету жо­ба­сының тұжырымдамасы тал­қыланған болатын. БПҰ мү­ше­лері жасаған құжат ай­мақтық форумдарда тал­қылаудан өтті. Сондай-ақ БПҰ қызметіне ар­нал­ған форум «Нұр Отан» пар­тия­сының 20 жыл­ды­ғына бағыт­тал­ған шараларға жол ашты.
Өз сөзінде Марат Нұрланов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшім­­баев Елбасының сөзін мы­салға келтірді.
– Елбасы партияның басты ресурсы – оның белсенді мүшелері деген болатын. Олар қоғамды да­мыту мен гүлдендіруге бар күшін жұмылдыруда.
Оның басым бағыттарының бірі – БПҰ жұмысын белсенді ету. Президент форумның партия жұмысын жаңғыртуға жаңа серпін берген маңызды қадам болатын­дығына сенім білдірді. Әрі БПҰ кадрлық резервті қалыптастыруда басты ресурсқа айналып, азаматтар мен қоғамдық ұйымдар арасында басты рөлге ие болуы керек, –деген болатын Мәулен Әшімбаев.
Жиында Марат Қуанышұлы ұйымның негізгі бағыттарын тү­сін­дірді, Бірыңғай ақпараттық жүйе құруды мақсат еткен «Цифр­лы партия» жобасы туралы әңгі­ме­леді.
Төрағалар жаңа партиялық жо­­балар туралы пікір алмасып, пар­­тия ұйымын белсенді етуге уағ­да­ласты.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*