РЕФОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МАҢЫЗДЫ

677
0
Бөлісу:

Ақмола облысына қарасты «Нұр Отан» партиясы Астрахан аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арнап «БПҰ жұмысын жақсарту, олардың мәселелерін талқылау және шешу жолдарын табу» тақырыбында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына пар­тия Жарғысында бекітілген та­лаптар мен партия ішіндегі тәр­тіп­ті қадағалау мақсатында, пар­тия­ның жаңғырту аясында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақ­сатында өткізіліп отыр.
«Рухани жаңғыру, қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстарымен қатар партияның да жаңғыруы мақ­сат етіп қойылғанын біле­сіз­дер. «Нұр Отан» партиясы тек мін­берден сөйлеп қоймай, со­нымен қатар жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырушы бола білуі керек» деді Астрахан ау­дандық партия филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Құралбек Сүлейменов.
Ауданның түкпір-түкпірінен келген бастауыш партия ұйым­дарының төрағалары құқықтық құжаттар мен партиялық тап­сыр­малардың маңыздылығын тал­қылады. Бастауыш партия ұйы­мының төрағаларына ішкі пар­тиялық тәртіпті нығайту үшін бір­­қатар ұсынымдар берілді.
Семинар барысында БПҰ төра­ғалары Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен талқыланып, партияның кадрлық резервін жасақтау, ағымдағы жыл­дың жұмыс жоспарын бекіту бойын­ша маңызды мағлұматтар берілді.
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының құра­мындағы БПҰ 353-тен 370-ке дейін өсіп, облыс бойынша партия мү­шелері 47 мың адамды құрап отыр. Семинар-тренинг соңында бас­тауыш партия ұйымы төра­ға­ларына арнайы сертификат та­быс­талды.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*