Жастармен өткен жақсы кеш

204
0
Бөлісу:

Павлодар облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері Аграрлық-техникалық колледж студенттерімен кездесіп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру жұмысын өткізді.

Кеште мақаланың негізгі принциптері мен мақсаттары талданып, болашақта осы бағ­дарлы мақаланы іске асыруда үлкен жұмыстар атқарылатыны туралы айтылды.
Мақаланың негізгі ереже­лерін іске асыруға келетін бол­сақ, колледжде бұл мәселе тың­ғылықты зерттелді. Әсіресе, өңірде түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, түркі халықтарына ортақ туын­дылардың бірыңғай он­лайн кітапханасын ашу, «Ұлы дала­ның ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конс­трук­циялар клубын құру, ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасау, «Түркі өркениеті: түп тамы­рынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау және тағы басқа жұмыс­тар ал­дағы уақытта жүзе асы­рыл­­мақшы.
Өз кезегінде «Нұр Отан» Пав­лодар облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Николай Дычко халқының та­рихын зерттеп қана қоймай, түрлі жарыстар мен ұлттық ойын­дар өткізіп, салт-дәстүр­лер­дің мән-маңызын жете түсініп, рөлін арттыруға, жас ұр­пақты ұлттық мәдениетті сақтауға шақырды.
Шара барысында жас жет­кіншектер өздерінің мақсат-мұраттарымен бөлісіп, спорт­тағы және мәдени шаралардағы жетістіктері туралы айтып өтті.
Облыстық «Жас Отан» Жас­тар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова жастардың жар­қын идеялары мен баста­маларына ризашылығын біл­діріп, оларға қолдау көрсетуге дайын екендігін жет­кізді. Ол сонымен қатар Жастар жылында жастардың әр салада игі істерді жүзеге асыруға та­маша мүмкін­дігі бар екенін тілге тиек етті.
Іс-шара соңында көш­пен­ділердің тарихын қызыға тал­қы­­лаған студент жастар ат спор­­ты­­нан да хабардар екен­діктерін көрсетті.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*