Тарихы терең қазақ халқы

301
0
Бөлісу:

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында «Нұр Отан» партиясының мүшелері «Атамекен» ЖШС қызметкерлерімен бірге Мемлекет басшысының жақында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдап, талқыға салды.

Партияның аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Волков аталған мақаланың мән-маңы­зы­на тоқталды. Оның айтуын­ша, «Ұлы даланың жеті қы­­ры» – тари­­хи танымды да­мы­туда нық қадам. «Тарихымыз со­нау те­рең­нен бас­тау алады. Кезінде кей тарих­шылар қазақ халқын «тарихы жоқ» ұлттардың қата­рына қос­қан еді. Бірақ мұ­ның қате екенін уақыттың өзі ек­шеп, көрсетіп берді. Еуразия­лық ұлы даланың аумағы – Ал­тайда, Сі­бірде атқа міну, көшпелі мәде­ниеті соңғы 5-6 мыңжыл­дық­тар­да үздіксіз жүрді. Оған археол­о­гиялық зерттеулер дәлел болып отыр. Көшпелі өркениет негізінде құрылған мемлекеттер еура­­зия­лық континенттің маңыз­ды бөлігі саналды» дейді В.Волков.
Бірінші орынбасардың сө­зіне сүйенсек, бағдар­ламалық ма­қала күллі түркі мем­ле­кет­те­рінің та­рих­­шылары үшін тың зерт­теу­лер жасауға мүм­кіндік болуы тиіс. «Өз басым ма­мандық бойын­ша, тарих пәнінің мұ­ғалімімін. Сол себепті, білім беру­дің басты мақ­саты – па­триот­тық рухқа тәр­биелеу, жауап­­кер­шілігі мол азаматтарды шың­дау, ұлтына бейжай қара­май­тын жан етіп шығару деп есеп­­теймін. Осы тұрғыдан ал­ған­да Елбасының бұл мақаласы өте өзекті. Со­нымен бірге, қа­зақ­­стандық­тар­дың санасын жаң­­­ғыр­татын тағы бір көрсеткіш – ұлттық қаһар­мандарды ұлықтап, киноөн­дірісіне көптеп енгізу. Әрі мультсе­риалдар түсіруді қолға алу қажет. Бұл заманауи, дамуға құштар ұрпақтарды қа­лып­тас­тыруда жаңа кезең ре­тінде есте қалады деп сенемін» деп сөзін түйіндеді ол.

Айша ЕРСҰЛТАН 

Бөлісу:

Пікір жазу


*