Ішкі істер органдарында 450 басшы неліктен қысқарады?

336
0
Бөлісу:

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов алдағы уақытта ведомствода болатын реформа туралы айтты.

«Ішкі істер органдарында орын алатын реформа туралы атап өткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, осы бағытта тиісті жол картасы әзірленді. Осы картада негізгі 9 бағыт айқындалды. Біріншіден, ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын оңтайландыру ескерілген. Осы орайда  артық басқарушылық буындарды тарату мен  штаттық санды 10 пайызға қысқарту қарастырылған», – деді Жанат Сүлейменов. Оның айтуынша, 450 басқарушы лауазым қысқармақ. «Екіншіден, ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мен әлеуметтік қорғауды жақсарту жоспарланып отыр. Бұл шаралар қызметкерлерді қысқарту кезінде үнемделген 16 миллиард теңге мен қосымша бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады», – деді ол. Сонымен қатар қай бөлімдерде еңбекақы мөлшері көбейетінін айтып берді. «Патрульдік полиция қызметкерлеріне 65 пайызға, жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлеріне 55 пайызға, учаскелік инспекторларға 25 пайызға, сондай-ақ басқа да қызметкерлерге 20 пайызға көтеру ескерілген.  Баспана мәселесін шешу үшін өтемақы төленетін лауазымдардың тізбесін кеңейту ұсынылуда», – деді Жанат Сүлейменов.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*