Күніне 5-6 адамды қасақана өлтірсе, жылына қанша?

603
0
Бөлісу:

Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов жыл басталғалы Қазақстанда 5 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелгенін айтты.

«Биылғы 1 қаңтардан бастап, яғни 7 күн ішінде еліміз бойынша 5 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде қасақана кісі өлтірудің 39 оқиғасы, сондай-ақ денсаулыққа ауыр зақым келтіруге қатысты 46 қылмыс анықталды. Негізінен, осы ауыр қылмыстар таныстар, туыстар арасында тұрмыстық жағдайда ішімдік салдарынан орын алған», – деді Жанат Сүлейменов. Оның айтуынша, аталған қылмыстардың көбісін полицейлер ізін суытпай ашқан. «Атап айтқанда, адам өлтіруге қатысты 30 оқиға мен денсаулыққа ауыр зақым келтірудің 45 фактісі ашылды. Жалпы, жаңажылдық мереке кезінде ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет етті», – деді Ж.Сүлейменов.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*