Тіршіліктің тал бесігі

944
0
Бөлісу:

Қазығұрт – ежелден тіршіліктің тал бесігі танылған қасиетті мекен. Сондай киелі жердің танымалдығын арттыру мақсатында, Қазығұрт тауындағы «Ақбура әулие», Тұрбат ауылындағы «Ысмайыл ата», Алтынтөбе елді мекеніндегі «Қырыққыз» секілді жерлерді туризм үшін қолайлы ету бағытында нақты жұмыстар ­атқарылу­да. Бұл туралы Қазығұрттың белсенді жастарының қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жерге тағзым етейік» атты пікір алмасу шарасында «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахан Әбілқасым айтып берді.

«Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы ғимаратында партияның республикалық желілік кестесіне сәйкес белсенді жас­тар­дың қатысумен «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасы аясында «Туған ­жер­ге тағзым етейік» атты жастар ­ара­сында өзара пікір алмасу бойынша іс-шара өтті. Іс-шараны «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Сағи Қыпшақбаев жүр­гізіп отырды.
Айта кету керек, белсенді жас­тардың басын қосқан шараға «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілқасым Қожахан, аудандық мәслихат депутаты Ер­ғали Аманқұлов, аудандық партия филиалының консультанты, партиялық бақылау комиссия­сының мүшесі Алишер Қадыр­құлов, аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы, ай­мақтық «Жас Отан» Жастар қана­тының төрағасы Сағи Қыпшақ­баев, «Жас Отан» Жастар қанаты­ның белсенді мүшесі, «Жігерген жақұттар» пікірсайысшылар ұйы­мының негізін салушы Қайрат Ақ­төре, аудандық «Киелі Қазы­ғұрт» газетінің бас редакторы Сер­жан Мамбеталиев және жастар өкілдері қатысты.
Басқосуда сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахан Өмірбайұлы «Туған жерге тағзым етейік» атты баяндамасында Қазығұрттың ежелден тіршіліктің тал бесігі деп танылғанын және сондай мекенде өмір сүріп жатқанын мақтан ететінін тілге тиек ете келе:
«Қазығұрт – біздің туған же­ріміз. Қазығұрт ауданы бүгінгі таң­да қарқынды даму үстінде. Ауданның 13 ауыл округінде 64 ел­ді мекен бар. 108 мыңнан астам халқы бар. Ауданымызда 12 ұлт өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бүгінгі таңда облыста «Туған жер» арнайы жобасы негізінде 50 жоба дайындалып, 153 іс-шара жүзеге асырылуда. Соның бірегейі біздің ауданда да жүзеге асырылып жатыр. Туған жердің таны­мал­ды­ғын арттыру мақсатында, Қазығұрт тауындағы «Ақбура әулие», Тұрбат ауылындағы «Ысмайыл ата», Алтынтөбе ауылындағы «Қырық­қыз» секілді жерлерді туризм үшін қолайлы ету бағытында нақты жұ­мыстар атқарылып жатыр. Өткен жылы Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасына біздің ауданы­мыздың тумасы, жеке кәсіпкер Сырым Ертаев кірді. Бұл да біз үшін үлкен жетістік», – деді.
Қожахан Өмірбайұлының айтуынша, бүгінгі таңда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы жақсарып келеді. Мәселен, ауданда жыл сайын «Нұрлы жол» бағдарламасы, жергілікті және өңірлік бюджет есебінен жаңа мектептер, спорт алаңшалары бой көтеруде. Кәсіпкерлік, ауылшаруа­шылық бағыттары да қарқынды дамуда.
«Аудан халқының тұрмысы түзеліп келеді. Біздің міндеті­міз – осы елдің, осы жердің аза­маты ретінде, өзімізді, ұрпағы­мызды туған жерді қастерлеп, құрметтеуге үйрету. Бірлесе кө­терген жүк жеңіл. Сол себепті бар­шамыз бірлесе отырып, туған же­рімізді қазіргіден шарықтап да­мытуға, гүлденіп-көркейтуге атса­лысуға шақырамын» деп сөзін қорытындылады ол.
Іс-шараға қатысушылар тара­пынан туған жер туралы құнды ой-пікірлер айтылып, жастарды жұмылдыра отырып туған жерге саяхат ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасалды. Аудандық маслихат депутаты Е.Аманқұлов ұсынысты қолдай отырып, алдағы уақытта осы бағытта жастар мен жасөспірімдерге арнап, Тұрбат ауылындағы «Ысмайыл ата» ке­сенесіне арнайы саяхат ұйым­дас­тыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ барлық жастарды осы іс-шараға белсене қатысуға шақырды.
«Туған жерге тағзым етейік» тақырыбында өткізілген іс-шара барысында жастар өздері үшін маңызды болған ақпаратпен таны­сып, өз ұстанымын білдіріп, за­ман­дастарын туған жерінің нағыз па­триот азаматтары болуға шақырды.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*