ҚАРТТАР – ҚАЗЫНАМЫЗ

303
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының тағылымы мол «Ардагерлер­ді ардақтайық» жобасы аясында Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төраға­лары және жасотандықтар ауыл қарттарының үйлеріне барып, жағдайын көріп, біразымен дастарқан басында ауыл-аудан мәселелері туралы мәслихат құрды.

Қазыналы қарттарымызға қандай құрмет көрсетсек те ла­йық. Халық қалаулылары мен бастауыш партия ұйымдары төрағалары зейнеткерлерге өз кезегінде қажет деген қолдауын жасап отыр.
Кеше де олар ауыл қария­ларымен жүздесіп, ауыл тіршілігі туралы сөз қозғап, мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп ше­шуге сөз байласты. Жасотан­дықтар болса, қарттарымыздың үй-жайларын тазалап, көмек көрсетті. Өз кезегінде ата-әжелеріміз әңгімелерін айтысып шер тарқатып, алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.
«Бізді ұмыт қалдырмай­сыздар, сол үшін ризашылық білдіремін. Қартайған шақта осылай көңіл бөлгеннің бағасы қашанда қымбат-ақ», – деді Сағынбай Айтоқашов.
№11 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты М.Айтқұлов өз округі бойынша ардагерлер Жексен Имашев, Кісенбай Асабаев, Кенжеш Байғұршынов аталарымызға ықылас танытып, ақ дастарқан жайып құрмет көрсетті. Қария­лармен басқосуда аудан бо­йын­ша істеліп жатқан шаруалардың халық тарапынан қалай баға­ланып отырғаны, аудан халқы­ның жақсы тұрмысы үшін тағы не істелсе деген ұсыныс-тілегі бары айтылды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*