Білікті кадр – бірегей қызметкер

713
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Ақсу аудандық филиалы аудандағы барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен өкілдерін оқытуға қатысты бастауыш партия ұйымдары жұмысының жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыруды бастады.
Оқыту семинары бары­сын­да бастауыш партия ұйымдары жетекшілері мен өкілдеріне пар­тияның барлық жобаларын дер кезінде әрі сапалы орындау, білікті кадр даярлау, пар­тия деректерінің бірегей базасы мен жұмыстың белсенділігін арт­ты­ру қажеттігі жайлы түсіндірілді.
Аудан орталығында өткен семинарға Ақсу ауданындағы 21 бастауыш партия ұйымының белсенділері түгелімен жинал­ды. Басқосуда бастауыш партия ұйымдары жұмысының жаңа тұжырымдамасы талқыланып, тың талаптар мен маңызды міндеттер сараланды.
«Бүгінде біздер үшін бас­тауыш партия ұйымдарының қандай өлшем белгілерді бас­шылыққа алатынын жете тү­сіндірудің маңызы аса жоға­ры. Әлеуметтік желілердегі бел­сенділіктің де қажеттігін есте ұстаған абзал. Бүгінгі күн­мен қарағанда, өткізілген се­минар­лардың қорытындысы жаман емес. Алдымызда бір­лес­кен жо­балар бойынша ауқым­ды жұ­мыстар күтіп тұр» деп қоры­тындылады оқыту семинарын Ақсу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Күләйхан Дәулетбекова.
Сонымен бірге, осы жиын­да бастауыш партия ұйымда­ры­ның төрағалары мен олардың бі­рінші орынбасарларының, партия бел­сенділері мен жақ­таста­ры­ның Саяси менеджмент акаде­мия­сында оқуының мүм­кін­дік­те­рі жайында да әңгіме қозғалды.

Болат АБАҒАН , Алматы облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*