Әл-Фараби орталығы ашылды

318
0
Бөлісу:

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Мысырдағы Қазақ­стан елшілігінің қол­дауы­мен Каир уни­вер­си­те­тінде әл-Фараби ғы­лы­ми-білім орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуы бары­сын­да «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылды. Фара­­­би­­танушы ғалымдар, Каир университетінің философтары, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұ­танов, Мысырдағы Қазақстан ел­шісі Арман Исағалиев Шығыс­тың ұлы ойшыл мұралары және өске­лең ұрпақтың рухани-өнегелік тәр­биесіндегі оның идеясының өзек­тілігі жайлы баяндамалар жасады.
Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры әл-Фараби­дің ізгілікті қоғам идеясына негіз­дел­ген «Ізгілікті қоғам азаматын қалып­тастыру. Заманауи универ­си­­теттер миссиясы» халықаралық жоба­сының БҰҰ Өркениеттер Альян­сымен бірлесе жүзеге асуы жай­лы айтты. Ол Каир универ­си­те­­тіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс сұлтан мұраларын ғана емес, достас мем­ле­кеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құнды­лық­тар­ды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқаратыны­на сенім білдірді. Мысырдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасы­мен осы жылдан бастап әл-Фараби орта­лығы базасында бірінші рет Каир университетінде қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.
Сапар аясында қазақстандық делегация мен әл-Азхар универ­си­тетінің бас имамы, шейх Ахмад ат-Тайеб, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абд-әл-Гаффар, ЕАР Парла­менті білім беру және ғылыми зерт­теулер істері бойынша комитет төра­ғасы Сами Хашим, Каир уни­верситетінің ректоры Мохам­мед Осман әл-Хошт және «Гомхурия» газетінің бас редакторы Абд-әл-Разек Тауфик араларында құрылымдық диалог өрбіді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*