«E-KСK» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

255
0
Бөлісу:

Атырау қаласының басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтері бір интернет-сайтқа бірікті. 

Мұнайлы өңірде пилоттық ре­жим­­де «E-KСK» бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында Аты­рау қаласындағы 71 ПИК пен ба­с­­­­­­қарушы компаниялардың қыз­­­­мет­к­ерлері арнайы дайын­дық­­тан өтті.
Бүгінгі күні барлық қалалық ПИК және басқарушы компа­ния­лар «Атырау-Ашық қала» порталы (www.atyrau.opencity.kz) арқылы E-KСK бағдарламасы­мен жұмыс істейді.
Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің басшысы Самат Ембергеннің айтуынша, бұл жоба тұрғын үй иелері, ПИК, басқарушы компаниялар, сер­вис­тік ұйымдар, коммунал­дық қызмет­тер, билік органдары мен жұртшылық арасында байла­­ныс орнатуға көмектесті. Сондай-ақ тұрғын үйлерді жаңғырту және цифр­ландыру үшін құрылған бірың­ғай байланыс жүйесі орнауға септігін тигізген.
– Атырау қаласының әрбір тұрғыны өзінің жеке шотын аша алады. Бұл қызметті пай­дала­ну­шы­­ға тиесілі үй туралы ақпарат, жеке шоты туралы ақ­парат, қала­ның коммуналдық қызмет­те­ріне қатысты толық ақпарат беріледі.
Бүгінгі таңда E-KСK бағдарла­ма­сының аясында тұрғындардан 34 өтініш келіп түскен. Өтінім­дер­­дің негізгі бөлігі тұрғын үй­лер­ді электрмен жабдықтау, жылу және газбен қамтамасыз ету мәселе­лері­не байланысты, – деп атап өтті Самат Емберген.
Сайып келгенде, бұл жоба тұр­­ғын­дарды коммуналдық сұрақтар бойынша күнұзаққа жауап бер­­­мейтін байланыс аясына тел­мір­тіп қоймай, зама­науи бай­ла­­нысты орнату арқылы халық­қа мінсіз қызмет көрсетуге жасалған ұтым­ды қадам болды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*