Құлдық қамыттан құтылмағандар

520
0
Бөлісу:

Алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі – құлдық пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Құлдықтың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Мысырда, Грекияда, Римде болды. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы құлдық пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 жылы 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы құлдықты, құл саудасын, құлдыққа жақын әдет-ғұрыптар мен институттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады.

Алайда бүгінгі таңда да әр жерден «құқығымды тапта­ды», «адал еңбекақымды бер­ме­­ді», «құлдықта ұстады» де­ген, өз маңдай тері ақысын ала алмай пұшайман болған­дар­дың саны көбеймесе, азаяр емес. Жақында осын­дай бір оқиға Астанада бол­ды. Сембол Төлеухан осы­дан бес жыл бұрын Моңғолиядан тарихи Отанына оралған. Жұбайымен ажырасып, базар маңында жалданып, азын-аулақ ақша тауып келіпті. Сембол Астана­дан қашық жердегі Еркіншілік ауылында ақыға жұмыс істеуге келіс­кен. Ол Ақмола облы­сын­­да құлдықта болып, үш ай бойы тегін жұмыс істеген. Алайда алда­нып, адам төзгісіз жағ­дай­да өмір сүрген азамат қожа­лық иесінің үстінен сот­қа арыз берген деп хабар­лайды «Еуразия» бірін­ші арнасы. Құлдық­та жүріп, мал баққан аза­мат бірнеше рет қашуға әре­кет жасаған. Тіпті пойыз­дың ішінде тығылып жатқан жерінен ұсталып қалыпты. «Үлкен база сал­дық. 90-дай сиыр бақтық. Оның тезегін тазалаймыз. Бар­лық жұмыс­ты істедік. Бірақ көк тиын берме­ді. Бір рет қашып көрдім. Пойыз­дың ішінен ұсталып қал­дым», – дейді ол. «Арақ бере­ді. Бір жарты, норма сол. Екі адам, үш адам, бәрі бір. Бірден артық бер­мейді, ақша бер­мей­­ді. Үш ай бойы бір рет суға түсірген жоқ. Шынымды айтып тұр­мын. Қазір биттеп жүр­мін», – дейді Сембол Төлеухан.
Ал кәсіпкер болса, «Құл­дық­­та ешкімді ұстама­дым. Құжатын жоғалтып, тентіреп жүрген Семболға көмектес­кім келді. Араққа салынып кетті. Жұмыс істемеді. Күнде ішім­­дік ішті. Менің затта­рым­­­ды сатты. Бәрін сатып, маза бер­ме­ді», – деп шыр-пыр…
Құлдықтан қаштым деген Сембол Төлеухан полицияға арыз жазған. Астаналық тәр­тіп сақшылары істі Ақмола облы­сының Полиция депар­та­­­ментіне жолдапты. Ал ақмо­ла­­лық полицейлер істің мән-жайын анықтамай, әзір­ге түсі­нік бере алмайты­нын алға тар­тып отыр.
Бұл – бір ғана мысал. Ал әлем ғана емес, өз елімізде болып жатқан мұндай құқық­­бұзу­­­шы­лықтарды сағаттап ай­ту­ға бо­лады. Ел аман, жұрт ты­ныш­­­та бас­қа­ның еңбегін қа­нау, құлдықта ұстау – қоғам дер­ті. Ол – қылмыс. Ешбір адам өмір­ге «құл болам» деп кел­­­­­мей­тінін есте ұстаған абзал.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*