«Túrkistan» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

271
0
Бөлісу:

«НҰР-Медиа» холдингінің құрамына кіретін «Túrkistan» халықаралық газетінің ұжымына жаңа бас редактор таныстырылды.

Бұл қызметке бұған дейін бірқатар өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық еткен Қуат Әуесбай тағайындалды. Еңбек жолын «Ана тілі», «Айқын» газеттерінен бастаған. Сондай-ақ «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің, сондай-ақ, латын графикасында шыққан тұңғыш республикалық «TIL-QAZYNA» ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

«Túrkistan» – 1994 жылдан бастап қазақ тілінде шығатын халықаралық газет. Апталық басылым Қазақстан, Ресей, Қырғызстанда таралады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*