Алматының іргесінде 30-ға жуық көлік апатқа ұшырады

491
0
Бөлісу:

Алматы қаласының іргесінде, дәлірек айтсақ Алматы-Өскемен бағытының 20-шақырымында 30-дан астам көлік ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы Колеса.kz сайты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқиға Алматы-Қапшағай трассасының солтүстік бағытқа қарай қозғалысы кезінде өрбіді.

– Түнде қар аралас жаңбыр жауып, нәтижесінде бетонды жолдың беті мұз боп қатты. Таңертең тұман қалыңдап, жолды көру қиынға соқты. Қазір оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, – деді Полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

«Айқын» ақпарат

Видео әлеуметтік желіден алынды

Бөлісу:

Пікір жазу


*