Алматылық қыз АҚШ-тың бағдарламасына түсті

269
0
Бөлісу:

10 жастағы Софи Манасян Nickelodeon командасына Lip Sync Battle Shorties балалар шоуына қатысу мүмкіндігі үшін алғыс бірдірді. Бүкіләлемге тарайтын шоу АҚШ-та эфирге жұма күні кешкі 19:00-де шығады. Қазақстандықтар шоуды 12-қаңтарда 09:00-де көре алады.

«Nickelodeon командасына кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіремін. Әр елдің балаларына ұлты мен тілі, дініне қарамастан осы шоуға қатысып, жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік бергені үшін мың рақмет. Анам сонда түсуім үшін қолынан келгенін жасады. Маған ол үшін тіл үйрену қажет еді. Бұл естен шықпайтын тәжірибе болды. Америкалықтар үшін менің акцентім сезіліп тұрды. Әлі де көп әзіл мен қалжыңдарды түсіне бермеймін. Үйреніп алсам, бұдан да үлкен биіктерге жетемін! Nickelodeon арнасын көріңіздер», – деп жазған Instagram парақшасында.

Софи Манасянды кез келген қазақстандық білмеуі мүмкін емес. Себебі, ол көшедегі билбордтарда ғана емес, дүкендердегі жарнамалық плакаттарда да бейнеленген. Жас та болса цирк аренасынан көрініп, түрлі халықаралық би байқаулары мен ән фестивальдарына қатысып, Италия, Ресей, Австралия, АҚШ елдерінде қазақ халқының намысын қорғап, жеңімпаз атанған. 7 жасында Карнеги-холлда қазақтың халық биі – «Аққуды» билеген қыз, қазір АҚШ-та дарынды балаларға арналған өнер мектебінде оқиды. Тіпті хореография бойынша ЮНЕСКО-ның мүшесі, Еуровидениенің арнайы қонағы болған, «Ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі» грамотасымен марапатталған.

«Айкын Ақпарат»

Бөлісу:

Пікір жазу


*