Талдықорғанға су жаңа екі ұшақ жеткізілді

398
0
Бөлісу:

Талдықорғанға Чехияның Куновице қаласынан су жаңа екі L-410 ұшақтары жеткізілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасары Тоты Әмірова өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті.

Ұшақ Куновице-Анкара-Баку-Шымкент-Талдықорған бағытымен 9 қаңтар күні ұшып келді. Aircraft Industries компаниясы өндіретін L-410 моделі 19 орынмен жасақталған. Сонымен қатар ұшақ жарты сағаттың ішінде авиациялық медецина үшін өзгеріске ұшырай алады.


Ұшақ жергілікті әуебайланысына таптырмайтын техника. ЯК-40 ұшағына қарағанда отынды 5 есе аз жағады. Алматы облысының ауқымының үлкендігін ескерсек ұшаққа қажеттілік айтпаса да түсінікті.


Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «ҚДБ-Лизинг» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлік және санитарлық-медициналық әуе тасымалын жасайтын әуе кемелері паркін жаңарту жобасын іске асыруға кірісті. Жобаны іске асыру аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ «Жетісу» әуе компаниясы» АҚ үшін Чехияда жасалған L-410 модельді екі ұшақты сатып алуды қаржыландырды.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*