Бала тууға берілетін жәрдемақы көлемі өсті

5679
1
Бөлісу:

Бала туу мен 1 жасқа дейін баланы күтуге берілетін жәрдемақы өсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау жүйесі  ЭЫДҰ елдерінінің  осы саладағы негізгі тәсілдерімен сәйкес құрылған.

Біріншіден, туғанда берілетін бірыңғай жәрдемақы 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда осындай жәрдемақы алатындардың саны 332,3 мың адамды құрады.  Жәрдемақы сомасы – 34,2 миллиард теңге. Жәрдемақы көлемі: бірінші, екінші және үшінші балаға – 91 390 теңге; төртінші және одан да көп балаға – 151 515 теңге.

Екіншіден, 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы 2018 жылдың 1 желтоқсанында 1 жасқа дейін бала күтімі үшін берілетін жәрдемақымен 125 мың адам қамтылды. Оларға жалпы сомасы  26,9 миллиард теңге жәрдемақы берілді.  Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы түрлері: бірінші балаға – 13 853 теңге; екінші балаға – 16 379 теңге; үшінші балаға – 18 880 теңге; төртінші және одан да көп балаға – 21 405 теңге.

Үшіншіден, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға, асыраушысына берілетін жәрдемақы алатындар саны 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда 80,2 мың адамды құрады. Жалпы сомасы 26,9 миллиард теңге. Ал бала күнінен бірінші топтағы мүгедекті күтуге берілетін жәрдемақы 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Оның көлемі 2018 жылы 1,05 ең төменгі күн көріс деңгейін немесе 29 699 теңгені құрады. Орташа алғанда 11,2 мың адам 1,7 миллиард теңге сомада жәрдемақы алды.

Бесіншіден, көпбалалы аналарға , «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Қаһарман Ана» атағына, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға ай сайын берілетін жәрдемақы алатындар саны 40,2 миллиард теңгеге 237 мың отбасын құрап отыр. Әлеуметтік қолдау ретінде төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балаларымен тұратын көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. 2018 жылдың 1 желтоқсанында мұндай жәрдемақы алатындар саны 30,1 миллиард теңгеге 271,4 мың отбасын құрап отыр.

«Айқын-Ақпарат»

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Гүлнар 22 Қаңтар, 2019 at 18:04 Жауап

    Мен 7-баланын анасымын маған беретін жәрдем ақы 46-мың тенге 7-і бес айлық 2015-2016-жыл туылған балама ақша берілген жоқ тіркеуде жоқ деп сен осы уақытқа дейін төрт баланын ақшасын алғансын диді сіз қағаз дайындамағансыз дейді мен бір жолғы ақшаға күміс алқаға дайындаған жоқпынба неге тіркеуде жоқ десем оған бөлек дайындайсыз сол кезде дит сонда маған неге ескертедіңіз десем олай біз айтпаймыз сіз өзіңіз білуіңіз керек дит сол дұрыспа айтсаңыздар жауап енді ол балдар тіркелеме осы жылдан бастап

Пікір жазу


*