Жансая Әбдімәлік  әлемдік рейтингте шахматтың бірден үш түрінен үздік танылды

824
0
Бөлісу:

Жансая Әбдімәлік қазіргі уақытта шахматтың барлық түрінен мықты болып тұр. Ол ЭЛО рейтингі бойынша «классикада», рапидте (жылдам шахмат: уақыты шектеулі партия) және блиц (жылдам ойын) бойынша көш бастап тұр. 

Осыған дейін ешбір қазақстандық шахматист әлемдік рейтингте шахматтың бірден үш түрінен мықты болмаған, бұл – тарихи жетістік.  Бүгінде ол 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастады.2018 жылы желтоқсан айының соңында өткен әйелдер арасындағы жылдам шахматта Әбдімәлік алтыншы орынды иеленген болатын.

«Айқын-Ақпарат»

Бөлісу:

Пікір жазу


*