БАСТАҒАН ІСТЕР БАЯНДЫ БОЛСЫН

155
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев еліміздің сыртқы істер министрін қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды ары қарай тиімді жүзеге асырудың маңызына тоқталды. – Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан ары жалғастыру қажет, – деді.

Кездесу барысында Бейбіт Атам­құлов Мемлекет басшысына елі­міздің сыртқы саясатын одан ары оңтайландыра түсу жө­нін­дегі жұмыс жоспары мен ми­нистр­лік алдында тұрған міндет­тер­­дің орында­луы туралы мәлі­мет­тер­ді ұсын­ды. Сыртқы істер министрі Қазақ­стан­ның дипло­ма­тия­лық миссияларын сырт­қы саясатты экономикалан­ды­ру жө­­нін­­­дегі жаңа міндеттерге сәйкес жұ­мыс­тарға бейімдеу үшін қабыл­дан­­ған ша­ралар туралы баяндады. Сондай-ақ ел экс­портының бағыт­та­рын қайта қарас­тыру үдерісі жөнінде айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойын­ша Бейбіт Атамқұловқа бірқатар нақ­ты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*