Шекараға қатысты шаралар

175
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның 2019 жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар екі халықаралық келісімді күшіне енгізетін қос заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап алды.

Мәжіліс біраз талқылаудан кейін, «Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкі­ме­ті арасындағы Қазақстан-Қыр­ғыз мемлекеттік шекара­сы­ның режи­мі туралы келісімді ратифи­ка­циялау туралы» заң жобасын құптап, Сенатқа жолдады.
– Келісімнің басты мақсаты – құқықтық негізді өзара белгілеу және мемлекеттік шек­­арада Қазақ­стан мен Қыр­ғыз­стан ара­сын­дағы қарым-қатынасты реттеу болып табы­ла­ды. Мемле­кет­тік шекара режимі шекарада әрекет ететін ереже мен тәртіптен тұрады. Бұлар – шекараны күтіп ұстау, шекара арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен өзге мүлік­терді өткізу, мемлекеттік шекара үстінен ұшуларды жүзеге асыру, шекаралық қақ­ты­ғыстарды шешу және басқалары. Келісім мерзімсіз болып саналады және тарап­тар­дың бірі екіншісін оның қолданысын тоқтату ниеті тура­лы дипломатиялық арна­лар арқылы ақпарат­тандыр­май­ынша, қолда­ныс­та болады, – деді Ұлттық қауіп­сіздік коми­теті төрағасының орын­ба­са­ры, Шекара қызметі­нің дире­кторы Дархан Ділманов.
Егер Қазақстан не Қырғыз­стан келісімнің күшін тоқ­татуды ұйғарса, құжат осын­дай хабар­лан­дыру алған күннен бастап, үш ай өткен соң, өз күшін жояды.
Мәжілістің қорытындысына жүгінсек, осы келісімде адам­дар­дың, көлік түрлерінің мемле­кеттік шекараны кесіп өтудің және мемлекеттік шек­ара арқылы жүктер мен өзге де мүлікті алып өтудің тәртібі белгіленген.
Адамдарды, көлік түрлерін, жүктер мен өзге де мүлікті бір мем­ле­кеттен екінші мемле­кет­ке шекара арқылы өткізу тарап­­тар­дың ұлттық заңна­ма­сына және екі мемлекет те қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт­тарға сәйкес ашылған өткізу пункттерінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар келісімде мемле­кет­тік шекараның және шекара­лық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру тәртібі, шаруа­шы­­лық, кәсіпшілік немесе өзге де қыз­метті жүргізу, мем­ле­­кеттік шек­а­рада, шекара бел­­деулерінде, сондай-ақ шек­ара сулары шегінде қоғам­дық-саяси, мәдени неме­се өзге де іс-шаралар өткізу тәртібі көзделеді.
Құжатта қарастырылғандай, Қазақстан мен Қырғызстанның уәкілетті органдары шекаралық белгі­лерді қорғауға, сондай-ақ олардың бүлінуіне, басқа жерге әкетілуіне, қиратылуына немесе жоға­луына жол бермеуге бағыт­тал­ған шаралар қабылдауға міндетті.
Осы отырыста депутаттар «Тәуел­сіз Мемлекеттер Достас­ты­­ғына (ТМД) қатысушы мемлекет­тер­дің терроризмге және экстре­мизм­нің өзге де зорлық-зомбы­лық көрініс­те­рі­не қарсы күресті жүзеге асыра­тын құзыретті орган­дар­ды мате­риалдық-техникалық қамта­масыз етудегі ынтымақ­тас­­ты­ғы туралы келісімді ратифи­­ка­ция­лау туралы» заң жобасын ма­құл­дап, жоғарғы палатаға ұзатты.
Келісімнің мақсаты – дос­тас­тық­қа кіретін елдердің тер­ро­р­изм­ге және экстре­мизм­ге, өзге де зор­лық-зомбылық кө­рі­­ністеріне қарсы күресті жүзе­ге асыратын құзыретті орган­дарын арнайы техни­ка­мен, арнайы құралдармен және қамтамасыз ету материал­да­ры­мен жан-жақты жарақтан­ды­ру үшін тең және жеңілдікті шарт­тар жасау болып отыр.
Жалпы отырыс соңында ха­лық қалаулылары бірнеше де­пу­­таттық сауалдар жария­ла­д­ы.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*