Заңгерлік көмек» жобасы талқыланды

624
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Заңгерлік көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан заңгерлер одағының ұйымдасты­руымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға Қазақстан заңгерлер ода­ғының атқарушы директоры А.Ақжанов, Республикалық адвокаттар алқасының атқарушы директоры А.Рақымова және партияның аймақтық филиалдар бас­шылары мен қоғамдық қабылдау бөл­мелерінің меңгерушілері қатысты.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Рес­публикалық қоғамдық қабылдау бөлме­сінің меңгерушісі Бақыт Темірова ашты.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бас­шылығымен «Нұр Отан» партиясы қашан­да жаңа ойлар мен тың баста­ма­ларға мұрындық болып келеді. Партия­ның араласуымен ел игілігін көздеген та­лай іргелі істер қолға алынды. Бұл істер­дің артында қоғам мүддесі, халық­тың талабы жатқаны бәрімізге белгілі. Жо­ба өткен жылы Республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесінде сынақтан сәтті өтіп, халық арасында жоғары сұра­нысқа ие болды. Құқықтық көмек алу­шы­лардың басым бөлігі – қаржы төлеу мүмкіндігі жоқ азаматтар. Жобаны іске асыру барысында, Қазақстан заңгерлер одағының өкілдерімен 2018 жылы 81 қабылдау өткізіліп, онда 224 азамат қабылданды. Оларға 62 құқықтық жазбаша көмек көрсетіліп, 18-не сотта құқықтық сүйемелдеме жасалды. Бүгінгі күнде елімізде партияның 231 қоғамдық қабылдау бөлмесі, оның ішінде 17 аймақтық, 213 аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмелері қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар азаматтарға кеңінен заңгерлік, құқықтық кеңес беру мақсатында «Нұр Отан» партиясында азаматтардың қабылдаулары тұрақты түрде ұйымдастырылады, – деді ол.
Кездесу барысында Әбдікәрім Ақжанов жұмыстың мақсаты мен шарты жайында толығырақ айтып өтті.
– Бұл жоба Қазақстанда алғаш рет жү­зеге асырылып отыр. Жұмыстың мақ­саты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуас топтарына ақысыз негізде заң көмегін көрсету. Жоба аясында тек ауыз­ша заңдық көмек көрсетілмейді. Бұл топ­тық кешенді заңгерлік көмек, заң­гер­лік қолдау көрсетуден бастап, істі ба­сы­нан аяғына дейін жеткізу қарастырылған. Осындай құқықтық көмек көрсету тәсілі сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы заң алдында теңдікті, адвокат көрсететін құқықтық көмектің және сотта әділ талқылануына негізделген, – деді Ә.Арынұлы.
Іс-шара аясында партияның аймақтық филиалдарына «Заңгерлік көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселе бойынша сұрақтарға жауап беріліп, шешім қабылданды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*