ҮЙЛЕСТІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

159
0
Бөлісу:

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытын жүйелеу туралы алғашқы үйлестіру жиыны өтті. Жиынды университеттің проректоры Дихан Қамзабекұлы ашып, жүргізіп отырды. Үйлестіру жиынына Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы С.Көшкімбаев мырза қатысты.

Үйлестіру жиынында «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша арнайы тұ­жырмдама жасау, сол арқылы қазақ тарихына және жеке тарихи тұлғаларға қатысты дәуірлер мен ғасырлар өл­ше­мін жасау, кезеңдерді анықтап, негізгі қағидатын қалып­тастыру туралы сөз болды. Аталған бағытты жүйелі үй­лестіру үшін Білім және ғы­лым министрлігіне қарасты ұлт­тық мазмұны бар ғылыми институттардың әлеуетін ке­ңінен пайдалану, сол тәрізді Тарихшылардың ұлттық кон­гресі, Қазақстан тарих­шы­лары қауымдастығы, Жазу­шылар одағы, Сурет­шілер одағы, Дизайнерлер одағы сияқты салалық және шы­ғармашылық бірлес­тік­терді тарту ұсынылды. Рес­пуб­ли­калық және жер­гілікті бюджет мүмкіндіктеріне қа­рай «Ұлы даланың ұлы есім­дері» бағытын екі кезеңде жүзеге асыру жоспары тал­қыланды.
Астана мен Алматыдан басқа облыс орталық­та­рын­дағы парк-энциклопедия­лар­ды қалыптастыру мақсатында жұмыс тобына жергілікті өл­кетанушыларды тарту керегі жөнінде ұсыныс жасалды. «Ұлы дала тұлғалары» ғы­лы­ми-танымдық сериясын жү­зеге асыру барысында істейтін шаралар да талқыланды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*