Полиция Роналдудың қыз зорлау ісіне қатысты ордер жариялады

444
0
Бөлісу:

Лас-Вегас полициясы Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың ДНҚ-сын анықтауға қатысты ордер берді. Футболшы қыз зорлады деген күдікке ілініп отыр.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, АҚШ полициясы айыпталушы Кэтрин Майоргидің көйлегінен табылған генетикалық материалмен футболшы ДНҚ-сының қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ.

Роналду қазіргі кезде Италияның А сериясында өнер көрсетіп жүргендіктен АҚШ полициясы біраз уақыт бұрын ғана Италияның сот жүйесіне ордер жіберген.

Роналдудың қыз зорлағаны туралы ақпараттар бұған дейін де пайда болған. Алайда футболшы бұл қауесетті түбегейлі жоққа шығарған болатын. 2018 жылдың қыркүйек айында немістің Spiege журналы Майорганың Роналдуды айыптап отырғанын жария етті. Басылым таратқан ақпар бойынша, 2010 жылдың қаңтар айында футболшы зардап шеккен қызға 375 мың доллар төлеген.

Соттан тыс шарттарға сүйенсек, тараптар болған жай туралы тісжармау жайында өзара келісім жасасқан. Келісім бойынша Майорга айыптауын қайтып алуы тиіс болған. Кейінірек Лас-Вегас полициясы Роналдудың қыз зорлауына қатысты істі қайта жаңғыртатынын мәлімдеді. Ал футболшы бұл ақпаратты қайта-қайта жоққа шығарумен келеді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*