ҚАМБАР АТА ДЕГЕН КІМ?

1846
2
Бөлісу:

Қазақ арасында осы күнге дейін «Жылқы пірі – Қамбар ата» деген ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сенім бар. Асылында, Қамбар ата деген кім? Қазақ Қамбарды неге жылқының атасы деп құрметтейді?

Сонау сақ, сар­мат, үйсін, ғұн замандарында ба­­баларымыз арғымақ­тар­ды ауыздықтап, ат үстінде көш­пен­ді өмір сүрген. Жылқы пірі ұғы­мы сол заманнан бастап са­наға сіңген болатын.
Этнограф Болат Бо­пай­ұлы­ның жазуынша, жұмыр жердің тө­сінде, жұмыр басты пендеде, ең алғаш жылқы түлігін бағын­дыр­ған қазақ «Қамбар ата» деп ата­лады.
«Қамбар – есте жоқ ескі за­ман­да айдаладағы жабайы жыл­қыны ең алғаш қолға үйреткен ат бап­кері, ат сыншысы, аттың ті­лін білген ат пірі. Ол – арқасына күн мен желден басқа ештеңе ти­меген даланың жабайы жыл­қысының ішінен, шу асау қара айғырды ұстап, ноқталап мініп, алғаш ат арқасына қонған қазақ. Тұңғыш адам баласының бірінші ат бапкері, жылқы пірі атанған адам. Ол – қара айғырды алғаш тақымға басып жорғалатқан, сайын даланың шаңын жорғамен бұрқыратып, сейіл құрып, серуен жасаған саяхатшы. Сондықтан мың, миллион жылдар бойына ел ауызында аңыз бен ертегіге ай­налып қалды. Бүгін де айтылып ке­леді, болашақта да айтыла бер­мек. Қамбар қара айғырдың он екі жорғасын танып, он екі жүрі­сі­не он екі түрлі ат қойып, атпен адамша сөйлесіп, сырласа ала­тын қара айғыр кісінесе, оқы­ран­са, осқырса, жер тарпыса, шол­ғы­­са, құйрығын көтерсе, езуін жы­­бырлатса, құлағын тікірейтсе, қай­шыласа, көзін жұмса, алайт­са, тісін көрсетсе не тістесе, оның нені қалап, нені жақтырмай тұр­ғанын қас-қабағынан танып, ба­бын тауып, мінезін жөнге кел­тіретін», – дейді Болат Бопайұлы.
Алайда Қамбар – тек қазақта ға­на емес, түбі бір түркі жұрты­ның көбінде бар кейіпкер. Со­ның ішінде теңіз көршіміз түр­кі­мен­дер арасында Қамбар жай­лы аңыз көп.
Мифолог Серікбол Қон­ды­бай­дың жазуынша, Қамбарда үш ми­фологиялық функция бар. «Қам­бар – жылқышылардың пірі, жылқы малының иесі. Зерт­теушілер оның есімін мұсылман діни бейнесі, пайғамбарымыздың күйеу баласы Әзірет Әлінің ат­бе­гісі болған Ганбармен байла­ныс­тырады. Қамбар ата образы қа­зақтан басқа түркі-мұсылман ха­лықтарының фольклорында бар, бірақ ол туралы түсінік тү­рік­пендерде мол сақталған», – дей­ді Серікбол Қондыбай.
Атақты төрт сахабаның бірі, Мұ­хаммед (с.ғ.с) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің Дүл­дүл деген пырағы болған. Міне, сол Дүлдүлді күтіп-баптаған ат­бе­гінің аты Ганбар екен.
Этнограф Владимир Басилов «Ку­льт святых в исламе» кіта­бын­да түркімендердің Ганбары жай­лы біраз мәлімет берген. Оның жазуынша да, Дүлдүлді осы Ганбар баққан. Ол туралы мынадай аңыз бар.
Бір күні Әли Дүлдүлдің азып ба­ра жатқанын байқап қалады. Сосын Ганбардан Дүлдүлге не бол­ғанын сұрайды. Ганбар шөбі шүй­гін, суы бал жерге жаятынын ай­тады. Әли Ганбардың жауа­бы­на қанағаттанбай, бір күні арт­тарынан аңдиды. Мынадай кө­рі­ніс­ке тап болады: Ганбар жыл­­қыны жайып қойып, дутарда ой­нап отыр. Ал Дүлдүл болса, жа­нарынан жас сорғалап, дутар­дан шыққан сазға құлағын төсеп, шөп алмай тұр. Бұл аңыздың қа­лай аяқталғаны туралы мәлімет жоқ. Алайда түркімендер ара­сын­да таралған қиссаларда Ган­бар Дүлдүлдің ет алмауына се­беп­кер өзінің дутары екенін тү­сі­ніп, Әлиден тұра қашады. Әли артынан қуады. Ганбар «Қа­ра жер, қақ жарыл» деп бұйырады да, жерге сіңіп жоқ болады. Әли жерге басын қойып, Ганбарды атын атап шақырады. Алайда Ганбар қайтып оралмайтынын айтады. Әли Ганбардан «Қашан кез­десеміз?» деп сұрайды. Жер ас­тынан «Ақыретте» деген үні ес­ті­леді. Түркімендер арасында Ган­бар жайлы осы тектес бір­не­ше аңыз бар. Олар Ганбарды тек жылқының ғана емес, дутардың да атасы деп есептейді. Бүгінде Түркіменстанда Ганбардың екі ма­зары бар. Ганбар жерленген жер­ді олар қасиетті орын санай­ды.
Серікбол Қондыбай да кіта­бын­да осы аңыздың қазақша нұс­қасын жазып қалдырған бо­латын. «Уақытында бір сахаба Қам­бар есімді балаға тұлпарын бақ­тырады екен. Қамбар қолына дом­бырасын алып, тұлпарды жайы­лымға алып кетеді. Жердің оты аса мол жыл екен. Бірақ тұл­пар қоң жинап, көбеңсудің ор­нына әбден титығына жете арық­тайды. Бұл қалай болғаны? Са­хаба аңдап қараса, ат тұсаулы. Қам­бар домбыра шертіп отыр. Ал тұлпар домбыра сазына аса бір ің­кәрлікпен ұйып, жайылуды біл­мейді екен. Мұны көрген са­хаба «Тәйт, бейқасиет» деп сес бер­генде, Қамбар домбырасын иы­­ғына асып алыпты да, қаша жө­­неліпті. Ал сахаба болса, соңы­­нан қуып берген ғой. Қара жер қақ айырылып, соған Қамбар тү­сіп, құрдымға кеткен де, дом­бырасы қалып қойған. Міне, осы оқиға­ның соңы жылқының пірі Қамбар атаға ұласып жүре бер­ген» деп жазады Серікбол Қон­ды­бай.
Қамбар сөзінің шығу төркінін де ғалымдар түрліше таратады. Со­­ның ішінде көңілге қоным­ды­сы – Таласбек Әсемқұлдың қи­сы­ны. Ол Қамбардың шығу төр­кі­нін парсының «хаумаварга» (сақ­тар) сөзінен таратады.
«Хаумаварга» мен «Қамбар» – екеуі бір халықтың аты. «Хау­­ма­­варга» деп парсылар, «қам­бар» деп қаңлылар айтқан. Иран мен Тұран бөлінбей тұрған­да, осы екі сөз бірдей қолданыста бол­ған сияқты. Енді «Қамбарға» ке­лейік. Серікбол Қондыбаймен бір тілдескенімде, бұл құрама тү­бір болуы мүмкін деді. Оның ай­ты­сында, «қам» – «бақсы», «ша­ман». Мысалы, бақсының ойыны кей­бір түрік тайпаларында «қам­лау» деп аталады. Орыстың «кам­ла­ние» деген сөзі осыдан шық­қан. Ал осы құрамадағы «бар» – «бөрі» болуы мүмкін. Сон­да жи­нақтап келгенде «қам­бар» – «қамбөрі», яғни «қас­қыр тері­сін ки­ген бақ­сы» дегенді біл­ді­руі мүм­кін. Бақ­сы­­ның немесе «қам­­ның» жын­дарды қуа­тын сиқыр­лы құра­лы «қамшы» (қам+шы). Демек, қамшы әуелде бақ­сының құралы болған, содан соң, уақыт өте ғана соғыс қаруына айналған» деп түсіндіреді Таласбек Әсем­құл.
Таласбек Әсемқұл Серікбол Қондыбайға сілтеме жа­сап отыр. Ендеше, Серік­бол­дың мақала ба­сында келтірген ойын қайта жал­ғайық. Сөйтіп, Қам­б­ардың қай­дан шыққанына түйін жаса­йық.
«Түрікпендік Ганбар баба – қа­зақтың Қорқыты сияқты саз­гер­лер мен әншілердің, ақын­дар­дың пірі болып саналады. Ол «ду­тар» делінетін саз аспабын ой­лап тапқан деседі. Қамбардың та­ғы бір мифтік функциясы – оның су стихиясымен байла­ны­сы. «Көл иесі Қамбар-ау, Шөл иесі Қамбар-ау, Қарағыма көз сал-ау» – осының нышаны. Мі­не, Қамбарға берілген үш ми­фо­ло­гиялық функция: сумен, жыл­қы­мен және музыкамен бай­ла­нысты. Мифологияда музыка табиғатын сумен, су айдынымен бай­ланыс­тыра­ды. Ал су мен жылқының бір бей­немен тең дәрежеде байла­­ныс­тырылуы бір мифтік тұлғаға ба­рып тіреледі. Ол – теңіз жыл­қы­лары (суын) туралы түсінік. Мі­не, осындай үш сипатты ұш­тастырған Қамбар (Ганбар) бей­несінің қазақ-түрік­пендік си­па­тының қалып­тасу ареалы біреу бол­мақ, ол – Маңғыстаудың Ха­сар­лы теңіздік жағалауы» деп жа­зады Серікбол Қондыбай.

Су жылқысы кейпіндегі мифологиялық кейіпкер «суын» деп аталады. Түркімендер мен қазақтар суынды Каспий (Хасарлы) теңізінде мекендейді деп сенген. Белгілі бір уақытта суын айғыры теңізден шығып, жағалауда жайылып жүрген бір биеге шабады-мыс. Сол биеден туған құлын бәйге бермейтін сәйгүлікке айналады-мыс. Содан болар түркімендер мен қазақтар биелерін теңіз жағасында жаюға тырысқан. «Көл иесі – Қамбар» мен суын арасында біз білмейтін бір байланыстың болуы бек мүмкін.
Жұрт жадындағы аңыздарды жоғарыда мысал еттік. Алайда заманында Бөкей ханның жайлауында жортқан жүйріктерге (сауранат) орыс императоры І Павел мен француз императоры Наполеонның қатты қызыққанын, соның бір себебінен Бөкейге теңіз жағалауын жайлау үшін жер бергенін, ал түркімендердің атақты ақалтекесі айдай әлемнің аңсарын аударғанын ескерсек, әр аңыздың артында ақиқаттың елесі менмұндалайтыны анық.

Серікбол ХАСАН

Бөлісу:

2 пікір жазылған

Пікір жазу


*