ГАЗ БАЛЛОНЫН ҚАЙДАН АЛУ КЕРЕК?

342
0
Бөлісу:

Астана қаласы әкімдігі қала тұрғындарын газ баллонын  аккредиттелген ұйымдардан ғана сатып алуды ұсынып отыр. Ол ұйымдар газ баллонын елорда аумағында тегін жеткізеді. Бұл төтенше жағдайларды болдырмау үшін қажет.  

Астанада мұндай төрт компа­ния бар. Атап өтсек, «Астана­газ­сер­вис» АҚ «Бейбарыс газ» сауда маркасын ұсынады (жеткізу қызметінің телефон­дары: 49-34-34, 23-33-06). «LPG Дистрибьюшн» ЖШС «Жігер газ» сауда маркасындағы газ баллонын ұсынушы (телефон: 97-83-83, 8 (701) 990-18-88). «Гор­газ Астана 2050» ЖШС (телефондары: 1304, 40-78-78,
8 (701) 960-66-44, 8 (707) 181-02-18). «Коммерц Трейд» ЖШС (телефоны: 49-96-63). Барлы­ғының бағасы бірдей, 10 кг газ баллонын 1 300 теңгеден сатады. Тапсырыс берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде жеткізіп береді. «Астана­газ­сер­вис» АҚ жексенбіде демалады. Қалған үш компания демалыс­сыз жұмыс істейді.
Астананың жекеменшік секторының тұрғындары тамақ дайындау мен жылыту үшін сұйытылған газды пайдаланады. Газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техника­сының сақталмауының соңы өртке, жарылысқа әкелуі мүмкін.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес авто-газ құю стансасында газ баллон­да­рын толтыруға тыйым салынған. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарда газ сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға, толтырылатын баллон­дар­дың техникалық жарам­ды­лы­ғын тексеруге, баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауға, тұтыну­шы­ларға сатылатын әрбір тұр­мыс­тық баллонға кепілді сапа талонын беруге, газ баллон қон­дыр­ғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсе­ту­ді қамтамасыз етуге міндетті. Сон­дай-ақ биіктігі екі қабаттан аса­тын көппәтерлі тұрғын үйлерде газ баллонын пайда­лануға тыйым салынады», – дейді бас­қар­ма өкілдері.

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу:

Пікір жазу


*