«ДАМСА – 2017» – ӨНІМДІ СОРТ

200
0
Бөлісу:

А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамса – 2017» сортынан бір гектардан 46,5 центнер өнім алды. Мұндай оң нәтижеге жету үшін орталық қызметкерлеріне бірнеше жыл жұмыс істеуге тура келді.

Зерттеу жұмыстары
2015 жылы басталған болатын. Бір айта кетерлігі, жаңа сорттың ерек­шелігі – төзімділігі жоғары. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Минералды тыңайт­қыш­тармен ылғалдандырған жағ­дайда мол өнім береді. Эко­ло­гиялық жаздық далалық түрге жатады.
«Дамса – 2017» сорты шикі протеин мен ақуызының тұрақ­ты құрамымен ерекшеленеді. Мака­рон түсі және жалпы баға­лау бойынша стандарт көрсет­кіш­тен асып түседі.
Экологиялық сорт Солтүстік Қазақ­стан облысында сынақтан өткізілді, әр гектарына
46,3 цент­нер өнім берді.
Еске сала кетейік, Ақмола облы­сының Шортанды ауда­нын­да орналасқан А.Бараев атын­дағы астық шаруашылығы ғылы­ми-өндірістік орталығында был­тыр жаздық бидайдың өнім­ділігі 2,5 есе артып 25,5 цент­нер­ге жетті.

Айдана БЕГІМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*